Басты бет Жұмысшы мамандықтар жылы ТЕМІРДІ ЕРІТКЕН «ТОҚТАР»

ТЕМІРДІ ЕРІТКЕН «ТОҚТАР»

0
127

Биылғы жыл еліміз үшін ерекше мәнге ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшылар жылы деп жариялап, маңдай терімен елдің дамуына үлес қосывп жүрген қарапайым еңбеккер адамдарына баса назар аударуды тапсырды.

Расында да мемлекеттің болмысы – оның еңбек адамының маңдай терінде, білектегі күшінде,  жүректегі адалдығында. Сондай жандардың бірі –дәнекерлеуші Тоқтар.

Тоқтардың өмірі – тұнып тұрған еңбек шежіресі. Таңның атысынан күннің батысына дейін қайнаған темірдің ыстығына төзіп, от пен ұшқынның ортасында жүріп, еңбек етіп жүрген оның жұмысы сырт көзге ауыр да, қауіпті де көрінуі мүмкін. Бірақ ол үшін бұл – жай ғана кәсіп емес, өмірлік ұстаным, ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Жастайынан еңбекке ерте араласқан Тоқтар әуелі ауылдағы кәсіптік училищеде оқып, дәнекерлеу ісінің қыр-сырын меңгерді. Сол күннен бері талай нысанның қабырғасы, көпірдің тіреуі, өндіріс құрал-жабдықтары оның қолынан өтті. Бір шетінен қарасаңыз, ол – қаланың да, ауылдың да көркін келтірген құрылыс шеберлерінің бір бөлігі. Бірақ, оның шеберлігі темірмен ғана шектелмейді. Тоқтар – айналасына үлгі боларлық азамат.

Күнделікті еңбегімен елеусіз көрінгенімен, дәл осындай жандардың арқасында ел іргесі берік. Олар ұрандатпайды, мақтанбайды. Бірақ қолындағы дәнекерлеу шамы сияқты, өмірге сәуле шашып, елге тірек болып келеді. Әріптестері Тоқтарды «ұқыпты, адал, салмақты» деп сипаттайды. Ең бастысы – өз ісіне деген махаббаты бар. Жаңадан келген жастарға үйретуден жалықпайтын, техника тілін жетік білетін, өз қолының ғана емес, өзгелердің де болашағына жауапкершілікпен қарайтын адам.

«Біздің жұмыста менікі, сенікі деген әңгіме жоқ. Кім ерте бітірсе, келесі жұмысты орындай береді. Бүгіндікке темір бұрандалар мен гүл пішіндерін, қазақы ою-өрнектерді құрастыру, сырлау менің мойнымда. Түске дейін бітірсем, түстен кейін оларды әсемдеп бояймын. Соның өзі бір күннің шаруасы. Әдетте, оңай сияқты көрінгенімен іске келгенде асқан мұқияттылықты талап етеді»,  – дейді кейіпкеріміз.

Бір темірден мың тірек соққан Тоқтардай азаматтар – елдің еңсесін тіктеп тұрған еңбек майталмандары. Олар жайлы жазу да, айту да –  парыз. Жұмысшылар жылы –  дәл осындай жандарды  танып-біліп, ұлықтайтын мүмкіндік. Өйткені ел ертеңі – еңбекте.

С.БАЗАРҚҰЛОВА

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕҺНӘТНИҢ МЕВИСИ

Мәзкүр мақаләмниң қәһримани Селимәм Өмәрова билән Чонҗидики иш-паалийитимни йеңидин башлиғ…