Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов айтты.
Облыста өткен жылы жұқпалы аурулардың санының төмендегені байқалады. Атап айтқанда, бруцеллез, жіті ішек инфекциясы, қызылша, туберкулез, жаппай тамақтан уланулардың саны азайған.
Дейтұрғанмен, көкжөтел, АИТВ, А вирустық гепатиті, сібір жарасы және кене энцефалиті кеңінен тараған.
«Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында көкжөтел бойынша эпидахуал күрделі, олардың үлесіне облыс бойынша барлық жағдайлардың 60% — ы тиесілі. Ал Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Кеген және Қонаев қаласында А вирустық гепатиті бойынша қолайсыздық байқалады»,-дейді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов.
Сонымен қатар, өткен жылы 4 мыңға жуық адамнан туберкулез анықталған. Марат Әділжанұлының сөзіне сүйенсек, облыста сібір жарасының 87 стационарлық қолайсыз мекендері мен 99 топырақ ошақтары тіркелген.
Маманның айтуынша, аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі-екпе. Бүгінгі тада өңір халқының 346 мыңы профилактикалық екпелер алған.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» … -
Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы басталды!
📖 Акцияның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап сы… -
Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді
Құрметті аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан қонақтары! Сіздерді 25 қазан – …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
САПАЛЫ ЕМ, СЕНІМДІ ҚЫЗМЕТ
Адам денсаулығы – баға жетпес байлық. Ал сол байлықты сақтауда ақ халатты абзал жандардың …
