Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүнісов сайлау учаскесіне парапланмен ұшып келді. Артынша Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. 37 жастағы спортшы 1750 метр биіктіктен әуеге көтеріліп, 20–25 минуттай қалықтады. Ол Алматының үстімен ұшып өтіп, кейін облыстағы сайлау учаскесінің жанына қонды. Парапланмен келген спортшыны көрген жергілікті тұрғындар оған бірден назар аударды. Ескендір Жүнісов параплан спортымен 13 жылдан …
1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді