Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сайлау кезеңі әдетте ақпараттық арандатушылықтардың көбеюімен қатар жүреді. Мұндай әрекеттердің артында қоғамдық пікірді бұрмалауға ұмтылатын ішкі саяси бәсекелестер де, сайлау процесінің беделін түсіруге, мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретуге және елде сенімсіздік ахуалын қалыптастыруға мүдделі сыртқы күштер де тұруы мүмкін. Бүгінде ашық жалған ақпараттан гөрі, сырт көзге шынайы болып көрінетін күрделі манипуляциялық тәсілдер жиі қолданылуда. Атап айтқанда, саяси …