Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді реформалар жүзеге асырылуда. Бұл реформалардың негізгі мақсаты – кәсіби, тиімді, ашық және азаматтардың мүдделеріне бағдарланған мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Осы орайда әзірленген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясы мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың сапалы жаңа кезеңіне жол ашпақ. Заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған міндеттерді …