Алдағы референдум ел өміріндегі маңызды белес болмақ. Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі тек құқықтық өзгеріс ретінде емес, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын стратегиялық қадам ретінде қарастырылады. Бұл – қоғамдағы әділет, заң үстемдігі және адам құқығын қорғау қағидаттарын күшейтуге бағытталған кезең. Жаңартылған Негізгі заңның басты ерекшелігі – адамға бағдарлану. Мемлекет қызметінің өзегіне азаматтың құқығы, бостандығы мен қауіпсіздігі қойылады. Яғни реформалардың мақсаты – абстрактілі …