Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» Ұлттық пікірталас клубының «Конституция: Қазақстанның тарихи таңдауының айнасы» тақырыбына арналған отырысын өткізді. Талқылау елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістер аясында өтті. Жиынға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, еліміздің 20 өңіріндегі азаматтық альянстардың көшбасшылары, сондай-ақ Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Бұл алаңның кең өңірлік және кәсіби өкілдікке ие болуын қамтамасыз етті. Күн тәртібінде азаматтық …