Алматы облысы Кеген ауданында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, ауылдық аумақтардың дамуына жастарды тарту және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру мақсатында «Ауыл тынысы» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара жастарға арналған мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру, жастар бастамаларын қолдау және өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға ынталандыру мақсатында өткізілді. Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, белсенді жастар және ауыл тұрғындары қатысты. …
«Таза Қазақстан: Алматы облысында жастармен «Ауыл тынысы» ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті»