(Аудан әкімі Бота Елеусізованың құттықтауы) Мінеки тағы бір жылымыз тарих қойнауына еніп барады. Жаман жыл болды деп айта алмаймын. Мерекелі, берекелі болды. Айтулы күндерге толы болды. Әлеуметтік-экономикалық, мәдениет пен руханият жағынан да толайым табыстарға қол жеткіздік. Ең үлкен дүние – ауданның 90 жылдық торқалы тойын есте қаларлықтай етіп өткізгеніміз. Ауылшаруашылығында, құрылыс пен жолда, кәсіпкерлік пен өндірісте те жетістіктеріміз ауыз толтырып …