Февраль 04, 2026
  • Басқы бет
  • Газет туралы
  • Бізбен байланыс
  • PDF НҰСҚА

ҚАРАДАЛА ТЫНЫСЫ

Қарадала – кеудемдегi жез үн ғой,
Қарадала – менiң бала кезiм ғой;
ғасырларға, ұрпақтарға жалғасар
Қарадала – қара өлең ғой…
Сөзiм ғой…
Қарадала – Өзiм ғой!..
Нұрлан ОРАЗАЛИН
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Өңір тынысы
  • Көкжиек
  • Мәдениет және руханият
  • Денсаулық
  • Иман
  • Тағзым
  • Спорт
  • Басқа…
    • Заң және қоғам
    • Әр қилы

Айлық мұрағат: Январь 2026

Мемлекет басшысы: «Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда.

20.01.2026
0
77

Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды. Кино саласы да дамып жатыр. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш. Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез-келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай …

Толығырақ

Президент: «Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі –мәдениет пен өнер. Себебі, қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат.

20.01.2026
0
118

Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады. Атап айтқанда, Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды. Осыған орай, театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ. Наталья Сац …

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз. Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді.

20.01.2026
0
88

Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Осының өзі Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудоманияға, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіле бастады. Ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді. Сол арқылы еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті. Бұдан …

Толығырақ

Мемлекет басшысы: «Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық.

20.01.2026
0
91

Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 …

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар.

20.01.2026
0
80

Осы орайда, жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді. Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін. Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады. Мысалы Нағи Ілиясов, Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүремін. Сіздер осы аймақпен қатар, күллі еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер». t.me/aqorda_resmi t.me/aqorda_resmi/30075

Толығырақ

Мемлекет басшысы: «Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс.

20.01.2026
0
109

Біз су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек. Мен былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз. Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашады деп үміттенеміз». …

Толығырақ

Президент: «Өткен ғасырдың ортасында адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа аттанғаны – бүкіл әлемге белгілі дерек.

20.01.2026
0
90

Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи өлке жаңа дәуірде де ойдағыдай дамуда. Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәселе туралы халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды. Қазір Көкарал …

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп.

20.01.2026
0
82

Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім …

Толығырақ

Президент: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр.

20.01.2026
0
77

Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды. Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Халықтың 80 …

Толығырақ

Мемлекет басшысы: «Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды.

20.01.2026
0
79

Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған. Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектептерді бүкіл еліміз біледі. Сыр бойы – нағыз еңбек адамдарының мекені. Кеңес заманында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шыққан. Әйгілі күрішші – Ыбырай Жақаевты халқымыз ерен еңбектің символына балайды. Аға буынның абыройлы жолын бүгінгі ұрпақ лайықты …

Толығырақ
1...151617...22Бет 16 ден 22

Редакция алқасы

Директор - бас редактор – Болатхан АЙТМУХАМЕТОВ

Жауапты хатшы – Баян МАМЫРБАЕВА
Тілшілер:Сабирәм ӘНВӘРОВА

Беттеуші-бағдарламалаушы – Алиби ИЗЕКЕНОВ

Біз әлеуметтік желіде

Ескерту!

Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Бізбен байланыс

Біздің  мекенжайымыз:
Шонжы  ауылы, Ж.Құдайбергенов  көшесі 61 үй, Индекс:041800
Байланыс  теелефондарымыз:  2-21-89, 79-0-92,
Факс: 8(72778)  2-21-89
Email: karadala.tynysy@mail.ru
© Copyright 2021 ж. «Қарадала тынысы» - Ұйғыр аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің №KZ77VPY00034436 куәлігі берілген
Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.