Елдің көкейінде жүрген, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан, Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді. Бұл туралы Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев айтты. «2024 жылы бұл жолдың 15 шақырымы жасалынды, қалған 74 шақырымына қаражат бөлініп, «Қазавтожол» мекемесі көктем шыға жөндеу жұмыстарына кіріседі»,-дейді аудан басшысы Берік Фатықұлы. Биылғы жылы нарынқолдықтар үшін ақжолтай жаңалыққа толы болмақ. Аудан әкімі тұралап келе жатқан мәселелер шешімін …