Алатау қаласындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде Халықтық штаб мүшелері сарбаздармен кездесіп, алдағы референдум жайлы талқылады. Кездесу барысында Халықтық штаб мүшесі Роза Абилова елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС жобасының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, атом энергетикасы Қазақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық қадамдардың бірі. Бұл жоба елді энергетикалық тәуелсіздікке жақындатып, экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді. «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі – болашағымыздың кепілі. …