АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Талғар медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті. Шараның басты мақсаты – атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық дамуына қосатын үлесін түсіндіру. Халықтық штабтың мүшесі Нәйлә Үмбетова АЭС құрылысының еліміз үшін стратегиялық маңызын нақты деректермен баяндады. Ол АЭС құрылысының бастапқы шығындары мен ұзақ мерзімді экономикалық пайдасын егжей-тегжейлі түсіндірді. «АЭС салу жобасы үлкен қаржы инвестициясын …