Доп додасында 10 команда бақ сынады, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі. Қарасай ауданында Алматы облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында футзалдан «AMANAT CUP» чемпионаты өтті. Халық қалаулыларының басын қосқан турнир «AMANAT» партиясының қолдауымен алғашқы рет ұйымдастырылды. «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері, партия филиалдарының өкілдерінен құралған 10 команда бас жүлде үшін бәсекеге түсті. Тартысты ойынның куәсі болдық.Әрбір ойында бәсекелестік …