Адамның рухани әлемі үшін де, дене бітімі мен қозғалысы үшін де спорттың маңызы зор. Спортпен айналысқан адамның көңіл-күйі қашанда жоғары болады және қанайналым жүйесі жақсаратындығын бәріміз жақсы білеміз. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Дене жаттығулармен шұғылдануды әдетке, өмір салтына айналдыру керек. Өзім жастайымнан спортты жаныма серік еттім. Мықты спортшы бола алмасам да балаларға дене тәрбиесі пәнінен …