Асқар аға Наймантаев бастаған «Терісқақпай» театры Қарадалаға келеді екен деген хабарды естігенде елең етпеген жан қалмаған шығар ауданда. Ал ауданымызға қойылатын концерт тегін дегенде тіптен көруге ынтық көрермен көп болғаны да рас. Қарадаланың халқы құшағын жая қарсы алды ағамызды. Шонжы, Сұңқар, Ақтам, Тиірмен ауылдарындағы тұрғындарға көңілді күй сыйлап, езуін жидырмай, бір мәз-мейрам етті. Бүгінгі қоғамдың кейбір келеңсіздіктерін әзілмен түйреп ағайынның …