«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Нартай Сәрсенғалиев депутаттық сауал жолдады. Ол өз сауалында, қоғамдық орында пранк жасап, әлеуметтік желіге жариялайтындар жайлы айтты. Депутаттық сауалдың түпнұсқасы төменде: Бүгінгі депутаттық сауалым «Ойын түбі — от, тұман түбі — жұт» дегенді санасына сіңірмеген селтеңбайлар туралы. Қазір қоғамда пранкпен парақшасындағы лүпілдің санын арттырғанмен парасат биігінен омақаса құлағандар қаптап кетті. Адамды қорқытуды, қоғамдық орында ақымақтық жасауды …