04.06.2025 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысында «Тұғырлы Туым» атты ауқымды патриоттық акция өтті. Бұл күні өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды. Мерекелік шараның басты бөлімі Іле ауданының Өтеген батыр кенті мен Қонаев қаласының 5-жағажайында ұйымдастырылды. Таңғы сағат 11:00-де Өтеген батыр ауылында Мемлекеттік Ту тұғыры маңына …