2024 жылы елімізде 29 ірі зауыт салынды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады. Мысалы, Қостанай облысында шойын құю, Алматы облысында вольфрам және жылу оқшаулағыш материалдар, Шымкентте бағалы металдарды өңдеу, Қарағанды облысында катодты мыс, автомобиль шиналары мен тұрмыстық техника шығаратын өнеркәсіптік нысандар салынды. Саран қаласында заманауи өндірістердің іске қосылуы оның моноқалалар санатынан шығуына мүмкіндік берді. Сондай-ақ алғаш рет …