Биылғы жылы соңғы 9 айда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына 46 кәсіпкерден шағым түскен. Оның 35-і оң шешімін тапқан. Сәйкесінше, 687,6 млн теңгеге кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтің сөзіне сүйенсек, сәулет және құрылыс, салық қатынастарының проблемалық мәселелері бизнес саласында әлі де өзекті. «Жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетін бағалауда қатаң, принципті және ымырасыз көзқарасты қамтамасыз ететін Кәсіпкерлер …