Ауыл еңбеккерлерінің өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыруды көздейтін бұл бағдарлама тиімділігін көрсетіп, халық арасында зор сұранысқа ие болды. «Ауыл аманаты» жобасын 2023 жылдағы басты халықтық жоба деп айтуға толық негіз бар. Президенттің сайлауалды бағдарламасында көзделген міндеттерді орындау мақсатында былтыр елімізде 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында «AMANAT» партиясы Үкіметпен бірге аталған жобаны жүзеге асыруда. ℹ️ …