Қарағанды өндірістік кешенінің базасында вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) және Ресейдің Тікелей Инвестициялар Қорының (РТИҚ) арнайы мамандар тобының қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданды. Сарапшылардың деректері бойынша ҚФК ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға …