Алматы облысында қаңтардың 18-інен ауылдық, кенттік округтер мен аудан, қала әкімдерінің есеп беруі басталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасындағы есеп беретін мемлекетті қалыптастыру міндетіне, сол сияқты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес әр деңгейдегі әкімдер жыл …