«Бірлікте үн қосқан» облыстық фестивалінде Ұйғыр ауданының өнерпаздары жоғары нәтиже көрсетіп, шығармашылық шеберліктерін танытты. Фестиваль қорытындысы бойынша Шахинам Курбанова «Үздік орындаушы» номинациясымен марапатталса, «Арзу» халықтық ән-би ансамблі «Шығармашылық ұжым» номинациясына ие болды. Бұл жетістіктер – өнерпаздардың тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесінің нәтижесі. Ән мен биді өнердің ортақ тіліне айналдырған өнер иелері көрерменге мәдени мұраның байлығын …
Ұйғыр ауданының өнерпаздары облыстық фестивальде үздіктер қатарынан көрінді