Ата-анамыз өмірден өткен соң ғана олардың айтқан сөздерін, қылықтары мен іс-әрекеттерін есімізге жиі алып, орындарын толтыра алмай әбігерге түседі екенбіз. Өзегіңді өкініш оты өртеп, олардың қайтып келмейтінін түсінгенде тіпті жабырқап қаласың. Сондай сәтте саған жылы қабақ танытқан немесе жаныңа тыныштық сыйлаған адамды жақсы көріп кететінің тағы бар. Менің өмірімде жақсы адамдар көп кездесті. Өмірден түңілген, қамыққан кезеңдерде сондай жандардың қамқорлығын, …