Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асырудың жарты жылдық қорытындыларымен бөлісті. Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Алматы және Жетісу облысы бойынша Қордың филиалымен 83 медициналық мекеме шарт жасасты. Оның ішінде мемлекеттік – 47 және жеке меншік — 36. Бұл тұрғындарға ең жақсы клиниканы таңдауға …