Медицина саласының кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық аурухана директорының орынбасары Майра Букеева «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды. Бұл төсбелгі – жалпы медицина саласындағы белсенді қызметкерлерді ынталандыру, көтермелеу және моральдық жағынан өсулері үшін тағайындалған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомостволық марапаты. Майра Әбділқызының медицина саласындағы реформаларға белсенді қатысқаны, денсаулық саласындағы білім беру мен инновациялық дамуға өз үлесін қосқаны және ауданымыздың …