Аудандық мәдениет үйінің алды сәнді киінген адамдарға толы. Жерге қызыл кілем төселген. Сырттан кірген көліктердің төбесінде театрлардың аттары жазылған. Арнайы шақыру естілісімен олар ретпен кіре бастады. Кәдуілгі үлкен өнер фестиваліне тап болғандай сезіндік өзімізді. Халықаралық театр күнін аудандық «Қарадала халық театры» мен көрші аудандардан келген ұжымдар осылайша бастады. Хан тәңірі халық театры, Қаракемер халық театры, Кеген халық театры, …