«Елім» деп еңіреп, шыбын жанын шүберекке түйіп, сол замандардың сан алуан әділетсіздігіне, жаугершілігіне қарсы соғысып, қазағымның ел болып қалыптасуына үлкен үлесін қосқан сон боздақтардың, хан-билердің есімі ақиқаттың тарихынан белгілі. Олар ертеңін ойлап , болашаққа көз жүгірткен , тереңнен толғап, саяси сыр шерткен, аса көреген, белді хандарымыз-Абылай, Тәуке, Кенесарылар! Олар бостандық үшін қылыш сермеген, бірлік туын көкке көтеріп, желбіреткен ержүректі, наркескен, …