Біреуді сынап, мінеуге бізде қауқар жоқ. Бірақ көзбен көргенді, құлақпен естігенді үн-түнсіз бақылау да «біртүрлі». Күні кеше ғана Парламент Мәжілісінің Пленарлық жиынында депутат Жанарбек Әшімжан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке Каспий теңізінің биологиялық ресурстарына қатысты бірнеше сауалын қойған сәтіне куә болдық. Жас министрдің депутаттардың алдында күмілжігеніне қайран қалдық. Өз саласын жетік меңгерген, атқаратын жұмысының жүгін …