Мемлекеттің ішкі жүйесі мен қоғамның қарым-қатынасын бұзушы құрал- сыбайлас жемқорлық. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолын кесу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қашанда өзекті. Тұтас елдің ертеңіне көлеңке түсіретін, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттің алдын алу баршаға ортақ міндет. Иә, дәл осылай жарыса айтқанымен нәтиже шамалы. Ресми жиын, жаттанды сөз, жалаң ұран таза қоғамды қалыптастыруда пайдасы аз, тиімсіз механизім болғаны қашан. …