Қиындық көрмей өмірден, Өмірдің құнын кім білген? Махаббат таппай көңілден, Көңілдің құнын кім білген? Тегеурін таппай тeмiрден, Темірдің құнын кім білген? Қызулық таппай көмірден, Көмірдің құнын кім білген? Қайғылы болып қамықпай, Шаттықтың құнын кім білген? Ашығып асқа тарықпай, Тоқтықтың құнын кім білген? Жоқтықты көріп жұтамай, Бардың құнын кім білген? Жесірлік көріп жыламай, Жардың құнын кім білген? Қубастың зарын тартпаса, Баланың …