Жастар саябағында, тутұғыр жанында 85 суретшінің қатысуымен пленэр өтті. Олардың арасында кәсіби мамандар, әуесқойлар, сондай-ақ студенттер, оқушылар және көркемөнер мектептерінің оқушылары атынан жаңа бастаған суретшілер бар. Негізгі міндет — қаланың көрікті жерлерінің бірін салу және сүйікті қаланың әсемдігі мен сұлулығын қылқаламның көмегімен жеткізу. «20 жыл ішінде біздің облыс орталығы танымастай өзгерді. Көптеген бірегей сәулет құрылыстары салынды. Біз Талдықорған қаласының көрікті …