Бүгін Бас прокуратурада Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқан Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қуанышұлы Қапезовті еске алды. Іс-шараға прокуратура қызметкерінің анасы — Ділда Қапезова, жұбайы — Әсемгүл Қапезова, балалары, жақын туыстары, сондай-ақ прокуратура органдарының ұжымы қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғизат Нұрдәулетов Ділдә Қапезоваға I дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды, оның ұлын қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы …