Білім саласының тамырына нәр бітті. Бойына қан жүгірді. Оқу ордасының жүрегі болған ұстаздар мен оқушылар қайтадан табысты. Мерекелік фанфарлар шырқалып, барлық сыныптар қатарға тұрғызылуда. Осылайша Талдықорған қаласындағы Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясында білім күніне арналған салтанатты жиын басталды. Ұзақ қашықтықтан оқытудан кейін демалып, оқушылар мектеп ауласына қайта жиналды. Балалар сыныптастарымен және сүйікті мұғалімдерімен көптен күткен кездесуге қуанды. Бірінші қыркүйек бірінші сынып …