Өзгенің бақыты үшін алаңдау, аяғын шалыс басқанда демеп жіберу немесе басына қиындық түскенде қасынан табылу ізгілікті жанның бір сипатын білдірсе керек. Күні кеше Қырғызсай ауылында Әбен апамыздың үйі өртеніп, немересі Салтанат екеуі өздері аман қалыпты деген сөз желдей есті. Көзін көрген апамыздың қартайған шағында көрейін дегені осы ма еді,– деп қапаландық. Сосын өздерінің аман қалғанына қуандық. Алладан сабыр сұрадық. Өзі …