Бүгін, Алматы облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтіп, күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Алматы облысының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы қаралды. Отырысқа облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов және әкім орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, департамент, басқарма басшылары қатысты. …