Карантин шектеулері аясында жұмысын қайта бастаған ХҚО-лардағы жеңілдік терезесі арқылы 101,8 мың қазақстандыққа қызмет көрсетілді. Мамыр айының ортасынан бастап вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылыққа байланысты еліміздегі ХҚО-лардың жұмыс тәртібі өзгерген болатын. Енді ХҚО-да онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзіндегі қызметтер ғана ұсынылады. Алайда азаматтардың үш санаты, атап айтқанда, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен мүгедектер бұрынғыдай ХҚО-да электронды …