Ақпараттандыру аса маңызды Елімізде Covid – 19 вирусын жұқтырғандардың саны күннен-күнге артып жатқаны баршамызға аян. Халық арасында індеттің жылдам таралып жатқаны ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сақтық шараларын тағы да бір пысықтап, коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау үшін кезекті кеңес отырысын өткізді. Президентіміз осы уақытқа дейін мыңдаған тұрғындардан вирусқа қатысты арыз-шағымдар мен түрлі сұрақтар түсіп …
Карантин шаралары қатаңдатылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, қала, облыс әкімдерімен бейнеконференция өткізді. Президент өз сөзінде коронавирус ауруының алдын алу шараларының дер кезінде қолға алынғандығынан уақыттан ұтып, пандемияның шарықтау шегін кейінге шегере алғанымызды айтты. Төтенше жағдай тәртібін босаңдатқан сәттен бастап бұл вирустың жайылу тенденциясының асқындап кеткендігін де жасырмады. Карантин ережелері босаңдатылған уақыттан бері қарай ауру …
IMD БАҒАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ Осы айда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығы «IMD-2020» жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті бизнес қалыптасатын ортаны жасау және қолдау қабілетімен қабылданады. Қазақстан сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен …
«ӘREKET» Гранттар байқауы 2019 жылдың маусымында басталды. Жобаның бастамашысы – «Samruk-Kazyna Тrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Бірінші кезең өтінім беруден тұрды. Байқауға барлығы 290 өтініш келіп түсті, оның ішінде бірінші кезеңде, байқау комиссиясының мұқият бақылауынан кейін 67 өтініш іріктелді. Екінші кезеңнің шарты іріктелген коммерциялық емес ұйымдардың толық өтінімдер беруі болды. 1 тамызда Комиссия 51 финалисті анықтады, олар Нұр-Сұлтанға оқуға келді …
2020 жылдың көктемі бәріміз үшін оңай болған жоқ, ол көптеген адамдар үшін нағыз сынақ болды, әсіресе шағын кәсіпорындарға әсер етті. Бірақ уақыт «толқынға ілесіп», ағымдағы жағдайға тез бейімделе алатын адам ғана аман қалатынын көрсетті. «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты — жұмыссыз әйелдерді жұмысқа …
(Мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбаты) – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індет, өкінішке қарай, біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Пандемия алғаш басталғаннан-ақ, Өзіңіздің басшылығыңызбен мемлекет көптеген әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды қолға алды. Одан жалпы жұрт хабардар. Елімізде жарияланған төтенше жағдай екі айға жуық мерзімге созылды. Карантин шаралары әлі де жалғасып келеді. Жалпы соңғы кезде …
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы. Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, …
Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. ✍️ Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз. 📌Egov.kz порталына кіріңіз; 📌 Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз; 📌 Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз; …
Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Қазақстанның кей өңірлерінде карантиндік шаралар қайта күшейтілуде. Азық-түлік және басқа да базарлар, жәрмеңкелер, қоғамдық тамақтану объектілерімен қатар ХҚО-лардың да жұмыс уақыты қысқарды. Сонымен, бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша еліміздің 13 аймағында — Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларындағы ХҚО-лардың …