Басты бет Ақпарат ағыны АҚ ТІЛЕКТЕР АҒЫЛҒАН КҮН

АҚ ТІЛЕКТЕР АҒЫЛҒАН КҮН

0
5,559

Қазақстан Республикасы ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында аудандық сот және прокуратура ұжымы ауданымыздың айнасына айналған «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» және «Іле өңірі – Или вадиси» қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.


Ауданның тыныс тіршілігінен, жаңалықтарынан хабар таратып отырған бұқаралық ақпарат құралдарына алғыстарын айтып, жұмыстарына шығармашылық табыс, отбасыларына амандық тіледі. Аудандық сотпен, прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс жасайтын екі газеттің де бүгінгі таңда беделі асқақ. Абыройлы қызмет атқарып, халықтың ықыласына бөленіп, газет сүйер қауымға қызықты ақпараттарын таратып, қиындығы мен қызығы мол кәсіпті игеріп, қаламдарын қалқан еткен журналистер қауымы еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Елбасымыздың салиқалы саясатын жүзеге асыруда да БАҚ өкілдерінің еңбегі ерекше. Ендеше журналистеріміздің қаламдары шыңдалып, шабыттары шалқып, еңбектерінің жемісін жеп, өркениетіміз бен мәдениетіміздің одан әрі қанат жаюы жолында қанаттары талмасын дейміз.


ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН ҚАЛЫПТАСҚАН АУЫР ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Бар…