Басты бет Көкжиек «БАЛАУСАДАҒЫ» БАЛ КҮНДЕР

«БАЛАУСАДАҒЫ» БАЛ КҮНДЕР

0
2,666

Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі жанынан ұйымдастырылған «Балауса» сауықтыру лагерінде 61 оқушы бірінші маусымда демалды.
1-ауысымның бірінші тобында Б.Солтанқұлова, Ш.Мунаждинова, екіншісінде А.Мырзабай, А. Даулетова тәрбиешілер болып балаларға бас-көз болса,Ұ.Тоқтасынов-дене шынықтырудан, Д.Сәйденов – музыка пәнінен, педагог-психолог Л.Ақылбекова, медбике Г.Илясовалар оқушылардың демалыстарының мәнді өткізулеріне мұрындық болды.«Ойлы болсаң озып көр…» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылып, оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау және одан шығар нәтижесін дәлелдеу барысында топтар арасындағы сайыс шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелесе, ақыл-ойларын дамытуға да өзіндік үлесін қосты.
«Отбасы – бақыт мекені» атты күн де балалардың еркін көсіліп шығарма жазуға, сурет салуға, отбасы құндылығы туралы түсініктерін, жанұялық тәрбиенің маңызын түйсінуге бағыт ашса, «Жүректерді қуанышқа толтырайық» атты экологиялық фестиваль оларды табиғатты аялауға баулып, мектептің бау-бақшасын қоқыс қалдықтарынан тазартты.
«Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» атты бейбітшілік сабағы достыққа, татулыққа, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелесе, «Біз бақытты баламыз» тақырыбындағы асфальтта сурет салу байқауы оқушылардың асқақ армандарын жүзеге асырғандай болды. Лагерьде танымдық сабақтардан басқа оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында «Мозайка» «Аппликация жасау» «Бояулар сыры», ермексазбен жұмыс, жапсырма қағазды пайдалану да оң нәтиже берді.
«Театрдың ғажайып әлемі» атты рөлдік ойында А.Даулетова балаларды театр тарихымен, оның түрлерімен таныстырды. Балалар мата мен қағаздан жасалған ертегі кейіпкерлерін сомдап, шағын көрініс қойды. «Достықтың алтын көпірі» атты топтық жұмыста балалар достарға деген қарым- қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болудың не екенін титімдей жүректерімен сезініп, сездіре білді. «Балаусада» балалар бал күндерінің қалай тез өтіп кеткендігін байқамай қалды.

Бибігүл ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
мектеп дефектологы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебінің алды мерекелік көрініске бөленіп, гүлге, …