Басты бет Көкжиек ШУАҚТЫ ДЕМАЛЫС

ШУАҚТЫ ДЕМАЛЫС

0
1,787

ШУАҚТЫ ДЕМАЛЫС

Сабақ оқудан шаршаған оқушылар жазғы демалыс күндерін асыға күтетіндіктері рас. Миларын сергітіп, бірі қаладағы туыстарына асықса, екіншілері жайлаудағы ата-аналарының құшағына еніп, сағыныштарын басады. Жаз – көңіл сергітетін серуен айы болғандықтан мұғалімдер тарапынан да оқушылардың тынығып, демалыстарын тиімді өткізулері үшін көптеген шаралар жасалмақшы. Соның бірі мектепішілік лагерьлердің жұмыстары. №4 Шонжы орта мектебінің жанынан ашылған «Балдәурен» лагері аталмыш білім шаңырағының оқушылары үшін есігін айқара ашты.

Сөз арасында Щучинск қаласындағы республикалық оқу-сауықтыру орталығына 4-18 маусым аралығында аз қамтылған отбасылардың 2 баласы демалып қайтпақшы. Бұл да болса мемлекетіміздің балаларға көрсетіп отырған үлкен қамқорлығы екендігін айта кеткеніміз жөн болар.
«Балдәу-рен» лагерінің бірінші кезеңінің ашылу салтанатына қатысқан мектеп директоры Венера Сайдахметова 50 оқушының емін-еркін демалып, тегін 2 уақыт тамақтанып, сурет салудан, ертегі айтудан, мақал-мәтел жаттаудан жарыстардың куәгері болатындықтарын қуанышпен жеткізді. Сондай-ақ спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ән-би үйрену мүмкіндігі туатындығын айтты. Балалардың қамсыз демалулары үшін ұстаздар тарапынан барлық жағдайлар жасалғандығын да түсіндірді. Үштұғырлы тіл – жас ұрпаққа әлемдік озық ілім-білімге және жоғары технологиялар әлеміне жол ашар есіктің кілті болса, бүлдіршіндердің шет тілдерін үйренуіне, дүниетанымын кеңейтуіне ағылшын, орыс тілдері пән мұғалімдері қызықты ойындар ойластырып, ертегілер әлеміне саяхат болатындығын және ол сабақтағыдан өзгеше формада өтетіндігіне сендірді. Химия, физика пәндері бойынша да қызықты тәжірибелер жасалып, балалардың білімдерін ұштастыруларына мүмкіндік туатындығын да айтып, жазғы демалыстың қызықты өтуіне тілегін білдірді.
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», деген әнмен кезінде өзіміз де лагерьлерде демалған едік, енді болашақ иелері бүлдіршіндеріміздің алысқа бармаса да мектеп ішіндегі демалыстары сәтті, мәнді боларына шүбә келтірмейміз.
Айсара ШАЙМҰХАЕВА, №4 Шонжы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебінің алды мерекелік көрініске бөленіп, гүлге, …