Басты бет Ақпарат ағыны МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРГЕ ШЕКТЕУ ЖОҚ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРГЕ ШЕКТЕУ ЖОҚ

0
4,054

Шонжы ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жиын өтті. Жиынға ауыл ақсақалдары, жігітбасылары, әкім аппаратының мамандары және аудандық прокуратураның аға прокуроры Мақсат Атан, аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Серік Қапаров қатысты.

Ең алғаш сөз кезегін алған аудандық прокуратураның аға прокуроры Мақсат Атан жиынның негізгі мақсатымен таныстырып, Қазақстан Республикасының заңы бойынша түсінік беріп, азаматтардың барлығының бірдей құқығының қорғалуы керектігін түсіндірді. Ал аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Серік Қапаров сөз кезегінде еңбекке жарамды жандардың барлығы жұмыспен қамтылуы керектігін, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қабілетіне қарай жұмыс берілетіндігін айтып, алдағы уақытта аталған жандардың толық тізімі жасалатындығын, сол бойынша жұмыс ұсынылатындығынан хабар берді. Жиынға қатысушылар тақырыпқа байланысты қосымша сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын да алды. Мүмкіндігі шектеулі жандар жиын барысында жұмысқа ниетті екендіктерін білдірсе, дипломы бар, арнайы маман атанған жастар жұмыссыз жүргендігін айтып жатты. Бұл сұрақтарға да қанағаттанарлық жауап берілді. Сонымен қатар кәсіпкер болғысы келетіндер де ұсыныстарын білдірді.
Бұрынғы жылдармен салыстырғанда елімізде жұмыссыздардың саны бірқатар азаюда. Оған себеп мемлекеттік бағдарламалардың өз деңгейінде жұмыс атқарып, жаңашалануында болып отыр. Дегенмен халық толықтай жұмыспен қамтылмаса да, іс жүргізем деушілерге шектеу жоқ. Осыған қарай мемлекетке алақан жаюдың қажеті де шамалы…


Думан САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, КҮРЕСУ МІНДЕТ

Бүгінде «Бармақ басты, көз қысты» мәселесі қоғамның айықпас дертіне айналып бара жатқан өз…