Басты бет Ақпарат ағыны АРДАГЕРДІҢ АҚ БАТАСЫН АЛДЫ

АРДАГЕРДІҢ АҚ БАТАСЫН АЛДЫ

0
4,978

Ел басына күн туып, көк аспанына қара бұлт үйірілгенде атқа қонып жауына қарсы шапқан ерлердің ерлігі, батырлығы мен батылдығы өскелең ұрпақтарға үлгі болып келеді. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында кеудесін оққа тосып, қан кешкен батырлардың еңбегі өлшеусіз. Оларды тек жеңіс мерекесінің қарсаңында ғана емес әр уақытта да еске алып, құрметтеуге тиіспіз.

Аудандық әділет басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Абдужалил Шариповты туылған күнімен құттықтап, сый-сияпат көрсетіп қайтты. Ұрпақтарының ұмыт қалдырмай, елеп-ескеріп келгеніне қуанған ардагердің жүзі нұрланып, кеудесін қуаныш кернегені сөзсіз. Аудандық әділет басқармасының басшысы Берік Иманбаев ардагерге ақжарма тілегін жолдап, денсаулықтың, күш-қуаттың арқасында жүйітки жүзге жетуіне, балалары мен немере-шөберелерінің қызығын көріп, жақсылығының төрінде отыруына тілектес екендігін айтты. Көпті көрген ақсақалдың дастарқаны жайылып, келген қонақтарына ізет танытып, отбасының берекесі мен мерекесіне айналып отыр. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» дегендей ақсақалын ардақтаған, батырын ұлықтаған халықтың ұрпақтары екендігіміз анық. Бойымызға қанмен дарыған кішіпейілділік, мейірімділік жеке дараланып, қариялардың ақ батасымен көгеріп-көктеп келеміз. Сол бір сұрапыл соғыста өшпес із қалдырған әрбір ардагер аталарымыздың даңқын асқақтатып, мәртебесін биіктете беруіміз қажет. Бүгінгі күнде олардың қатары сиресе де, батырлығы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге болып қала бермек.


Думан ТОЙҒАЗЫҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН ҚАЛЫПТАСҚАН АУЫР ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Бар…