Басты бет Өңір тынысы ШЫРЫНДА ШАШУ ШАШЫЛҒАН КҮН

ШЫРЫНДА ШАШУ ШАШЫЛҒАН КҮН

0
1,566

Әрбір жанұяның шаттығы, бақыты, берекесі мен мерекесі бала екендігі анық. «Балалы үй базар…» деген сөз тектен тек айтылмаған-ды. Бүкіл әлемде бірінші маусым балаларды қорғау күні болып аталып өтеді. Жаз мезгілінің алғашқы айының бірінші күнінде бекітілген аталмыш мерекенің балалар үшін де, ата-ана үшін де маңызы зор. Осындай айтулы күні Шырын ауылында үлкен мерекелік шара өтіп, ауыл тұрғындарына, балаларына арналған «Жастар паркінің» ашылуы салтанатты түрде болды.
Шырын – шағын ауыл болғанымен тұрмысы жоғары, жүзім мен қауын, қарбыздың отаны. Ауыз толтырып айтарлықтай атымтай азаматтары да бар. «Жастар паркін» ашып, құрылысын қолға алған, өздері осы ауылдың тумасы болмаса да балаларға бақыт, тұрғындарға шаттық сыйлауды мақсат еткен «Бахус» Шырын акционерлік қоғамының директоры Айдын Мубакаев пен кеңесшісі Шамил Жәмиевтің бұл жақсылығы баршаны бір қуантып тастады. Жалпы аумағы 4 гектар, 1000-нан аса түрлі ағаш отырғызылған паркке өз қалталарынан қаражат жұмсаған. Бірақ құрылыс әлі күнге аяқталмаған. Алдағы уақытта жоспар бойынша ағаштардың арасына көк шөп төселіп, адамдар отырып демалатын орындар, балалар ойнайтын алаңқайлар жасалмақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдардағы міндеттерді айқындап, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патротизмнің нағыз өзегіне айналады, – деген болатын. «Туған жерге, туыңды тік» дегендей өскен өлкені, жеткен жерді, алтын бесік ауылды көркейтуге әрбір азамат үлес қосқаны нұр үстіне нұр.
Ауыл тұрғындары үшін дәл осы күн қос мерекеге айналды. Парктің жанына барлығы жиналып, қуаныштарымен бөлісіп те жатты. Мерекелік шараның ашылуы «Алға, Қазақстан» әнімен бастау алып, алғашқы сөз кезегі Бахар ауылдық округінің әкімі Қадыржан Исаханұлына берілді. Мінберге көтерілген ауыл әкімі ең бірінші бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, «Туған жер» бағдарламасының маңызы жайында айтып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлап отырған азаматтарға алғысын жаудырды. Сонымен қатар бала тәрбиелеуде ата-анасынан кейін елеулі үлес қосып отырған ұстаздар қауымына да ақжарма тілегін жолдады. Келесі сөз кезегін алған ауыл ақсақалы Надыр Кадыров өскелең ұрпақтардың келешегінің зор болуын, еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын тілеп, ақ батасын берді. Ал ауыл тұрғындарына дәл осындай қуаныш сыйлап отырған «Бахус» Шырын АҚ-ның директоры Айдын Мұхтарұлы сөз кезегінде парктің құрылысын бастар алдында қолдау көрсетіп, бір жеңнен қол шығарған ауыл азаматтарына алғысын білдірді. Әдемі тілектерден кейін «Жастар паркінің» лентасы қиылып, шырындықтарға шашу шашылды. Айтулы мерекемен тұспа-тұс келген бұл қуанышты күннің жалғасы бүлдіршіндер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Сонымен қатар ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, ойын тартысты әрі қызықты өтті. Бірінші орын алған командаға кубок және 20 000 теңге қаржылай сыйлық берілсе, екіншіге – 10 000, үшіншіге – 5000 теңге сыйлық үлестірілді. Осындай ойындардың барлығына демеушілік көрсетіп, мерекені жақсы өткізуге күш-жігерін салған азаматтардың еңбегі зор болды. Жақсы ай, жақсы күндерде тек игі істерді атқарып, халықтың қошеметіне бөленген жаны жомарт жандардың жақсылығы тек мұнымен ғана тоқтап қалмасы анық…

  • ҺӘСӘЛДИН – БАЛА ТАТЛИҚ!

    Мөлдүр булақ, қара шәһла көзлири, Гүлдәк гөзәл, күндәк иллиқ йүзлири. Бала дегән – баһаси …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…