Басты бет Заң және қоғам БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

0
1,269

Аудандық прокуратурада мектеп бітіруші жас түлектермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге ниетті жастарға жұмыс барысымен таныстыру, ақпараттандыру. Прокурор – жедел іздестіру қызметін анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Осындай лауазым иесі атану үшін біраз еңбектің қажеттігі де анық.
Шонжы ауылындағы №1, 2, 3, 4, 5 мектептердің түлектерімен өткен кездесуде ең алдымен аудан прокурорының орынбасары Ерлан Ақынбаев прокурорлардың атқаратын қызметімен, оның бөлімдерімен таныстырып, прокурор болу үшін қандай қызметтерді атқару керектігін тізбектеп таныстырды. Шен алып, арнайы форма киіп, құқық қорғау саласында қызмет атқарғысы келетін жастар жиналғандардың арасында болды. Олар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алып, ойларымен де бөлісті. Жоғарғы жауапкершілікті талап ететін прокуратура қызметкерлерінің атқаратын қызметтерімен танысқаннан соң ғимараттың ішіне саяхат жасады. Әр қызметкердің жауапты қызметіне тамсана, таңдана қараған жас түлектердің қызығушылығы саяхат барысында арта түскедей. Болашақта барлығы бірдей аталмыш орында қызмет жасамаса да, жеке дара бір маман болып шығары сөзсіз. Олай болса аңсаған, армандаған оқуларына сүрінбей түсіп, білікті де білімді маман атануына біз де тілектеспіз.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗОРЛУҚ-ЗОМБУЛУҚҚА ҚАРШИ ЖАЗА ҺӘҚҚИДӘ

Йеқинда ижтимаий торларда Қазақстан ажришиш бойичә дунияда биринчиләр қатарида туриватқанл…