Басты бет Иман Ораза қандай жағдайда бұзылмайды?

Ораза қандай жағдайда бұзылмайды?

0
2,875

• Түнде жүніп болып, сәресіден кейін жуыну. Егер бір адам ұйқыдан тұрғанда жүніп болып оянса, оразасы бұзылмайды тіпті осы күйінде тазаланбастан күні бойы жүрсе де оразасына әсер етпейді. Жүніптік жағдай дегеніміз ғұсылы бұзылу. Ол: әйелімен жыныстық қатынасқа түсу және поллюция арқылы жүзеге асады;

• Ауызға келген түкірікті жұту;

• Суға сүңгіп шомылғанда құлаққа судың кіруі;

• Еркінен тыс темекінің түтіні секілді адамға ләззат беретін түтіндерді жұту;

• Сәресіден ауызда қалып кеткен ноқаттан кішкентай нәрсені жұту;

• Адамның еркінен тыс келген құсық, өздігінен қайта тамаққа кетіп қалса, мейлі ауыз толтыратындай көлемде болса да, ораза бұзылмайды;

• Қан алдыру;

• Сүрме жағу;

• Денеге май жағу;

• Салқындау мақсатында суға шомылу;

• Бас пен қарынға жағылған дәрі денеден ішке кірмесе;

• Ұмытып ішіп-жеу әрі жыныстық қатынасқа түсу, бірақ ораза екені еске түскен кезде әлгі істерді бірден доғару керек;

• Ұйықтап жатқанда ихтилам (поллюция) болу. Ұйқыда жатқан адам түс көргеннен немесе шаршағаннан мәни (сперма) аққан болса, оразасы бұзылмайды;

• Әйелін құшақтау, сүю. Мәни келмейінше, ораза бұзылмайды. Әйелге қолын тигізбестен тек қарау арқылы нәпсінің қозуы нәтижесінде мәни келген жағдайда ораза бұзылмайды;

Болат Майра Жұмағалиқызы,

«Qalam» діни журналистер

 клубының мүшесі

Muftyat.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕЙІРІМ, ШАПАҒАТҚА ТОЛЫ АЙ

Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары бар. Қас…