Басты бет Әр қилы «Munich Gold Cup 2017» турниріне қатысатын спортшылар таныстырылды

«Munich Gold Cup 2017» турниріне қатысатын спортшылар таныстырылды

0
1,116

Кеше Алматыда Қазақстан шөген федерациясы баспасөз-конференциясын өткізді. Аталмыш шарада «Munich Gold Cup 2017» (Мюнхен, Германия, 25-28 мамыр аралығы) халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғайтын «Astana Polo Club» және «Almaty Polo Club» командаларының таныстырылымы болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Естеріңізге сала кетсек, «Astana Polo Club» командасы 2016 жылы Аргентинаның Лухан қаласында өткен халықаралық турнирден I орынмен оралған болатын. Сондай-ақ, биыл Аргентинадағы «Santa Catalina Summer Cup» және «Torneo Summer Polo Match» халықаралық турнирлерде біздің командалар шетелдік шөгеншілерді басып озып, I орыннан көрінді.

Осы жылы өз елімізде өткен «Almaty Snow Polo Cup» халықаралық додадада I орын иеленді. Аргентинаның Лухан қаласындағы халықаралық сайыста «Almaty Polo Club» алғашқы орынға шығып, ең үздік командалардың қатарына қосылды.

Шөген (поло) ойыны әлемде ерекше танымалдылыққа ие екендігін ескерсек, қазақстандық спортшыларымыз ел абыройын асқақтатып жүргені анық. Осы ретте, баспасөз-конференциясында БАҚ өкілдері қазақ жігіттерінің шөгенге шеберлігінің сыры туралы қанық ақпаратпен қамтылып, командалардың таныстырылымы өтті.

Баспасөз-конференциясына Қазақстан шөген федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек,  «Almaty Polo Club» директоры Валерий Цаликов, «Astana Polo Club» ЖМ атқарушы директоры  Айдын Жәкежанов, «Almaty Polo Club» командасының капитаны Қуаныш Мұсабеков, «Astana Polo Club» командасының үздік ойыншысы Құрманбек Тұрғанбек қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына  жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕЛІҢ СЕНІ ЕЛЕСЕ, ЕҢБЕГІҢНІҢ ЖАНҒАНЫ

Ой мен ақылдың ойыны саналатын тоғызқұмалақ – бабалардан мұра болған ұлттық ойындардың бір…