Басты бет Әр қилы Ескі жазба тілді латын графикасында қалай таңбалаймыз?

Ескі жазба тілді латын графикасында қалай таңбалаймыз?

0
367

2017 жылдың 23 мамырында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Латын графикасы бойынша ескі кітаби лексикалық бірліктерді таңбалаудың принциптері» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мамырбекова «Бірнеше нұсқада жазылып жүрген араб, парсы және ескі кітаби сөздердің   жазу емлесін латын графикасы негізінде ретке келтірудің жолдары мен тәсілдері» атты  тақырыпта баяндама жасады. Баяндамада бірнеше вариантта таңбаланып жүрген араб, парсы сөздерінің қайсысын әдеби тіл нормасына лайық деп тану қажет деген мәселе көтерілді.

Мәселен, «қылыш, семсер» мағынасын беретін зұлпықар сөзінің зұлфұқар, зұлфақар түрінде таңбаланған варианттары бар. Қазақ тілінде ерін үндестігі негізінен орфоэпиялық заңдылыққа ғана тән құбылыс, осы жағынан алғанда зұлфұқар емес зұлпықар дұрыс, ал зұлфақар араб тіліндегі түпнұсқадан  (зулфиқар) ауытқыған. Сол сияқты, «сөз; нақыл; мұсылман дініне сену нышаны» ұғымдарын білдіретін кәлима сөзінің калима, кәлимә түріндегі нұсқалары бар. Араб тіліндегі дыбысталуы калима. Алайда қазақ тілінде к жіңішкелікті білдіретін дауыссыз дыбыс болып танылатындықтан тілімізге калима емес кәлима болып орныққан. Енді кәлима мен кәлимәнің қайсысын әдеби нормада тұрақтандыру керек? Бұл жерде қазақ тіліндегі буын үндестігіне сәйкес келмесе де, қолдану жиілігі жағынан кәлима сөзі таңдалуы қажет. Калам, кәлам, кәләм, кәлем (ар. калам) сөздері туралы да осыны айтуға болады.  Сол сияқты, «Иық, жауырын және ауыспалы мәнде өркеш» деген ұғымдарды білдіретін кәтеп сөзінің  катаф, кәтеб, қатеп түрлері мәтіндерде жиі ұшырасады. Араб тіліндегі дыбысталуы катеф. Көрсетілген төрт варианттың ішінде кәтеп нұсқасы жазба әдеби тілде нормалану керек. Себебі, дәл осы нұсқа диалект сөз ретінде қолданыста бар. Сондай-ақ жер атауын білдіретін Исфаһан сөзі Испаһан, Испахан, Асфаһан, Аспаһан, Аспақан, Асбаһан түрінде жазылып жүр. Бұл сөз тарихи мәтіндерде семсер, қылыш, қанжар, кілем сөздерімен тіркесіп «Исфаһанда жасалған» деген мәнде жұмсалады. Осы 7 түрде таңбаланған нұсқаның қайсысы жазба әдеби тілде нормалануы қажет? Бұл сөздің парсы тіліндегі дыбысталуы да  таңбалануы  да Исфаһан. Кезінде сан түрлі қолөнердің Отаны саналған Иран жеріндегі көне қаланың атауы. Яғни әдеби тілге оның бүкіл әлемге жайылған дұрыс атауы Исфаһан тұлғасы нормалануы қажет. Жалпы әртүрлі нұсқада қолданылып, жазылып жүрген кірме сөздердің жалпы саны 1094 сөз. Оның  692 араб сөзі, 402 парсы сөзі.DSC02191

Дөңгелек үстелде Институт диреткорының орынбасары А.Фазылжанова, профессор Ә.Жүнісбек, профессор М.Малбақ көтеріліп отырған мәселеге байланысты өз пікірлерін білдірді.

Институт директоры Е.Қажыбек: «Ендігі мәселе, бір жүйеге түспей келе жатқан мұндай сөздерді жазба әдеби тілде кодификациялаудың шарттары мен заңдылықтарын орнықтыру, оларды нормалаудың принциптерін көрсететін анықтағыш пен нұсқаулық сөздік дайындап беру. Бұл — тілшілер қауымы мойнында тұрған үлкен міндет», — деп түйіндеді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

  • ӘСТИН ЧИҚМАС БИР КҮН

    Вәтәнпәрвәрлик – туғулған йәргә болған муһәббәттин томур тартиду. Шундақ екән, биз яшлирим…
  • ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

    «Ел болам десең, бесігіңді түзе» — дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Яғни адамзаттың бастауы …
  • Кетпенде өткен керемет кеш

          Кетпен ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Унтулмас учришиш

Оқурмәнләргә мәлумки, гезитимизниң өткән санлирида Индонезияниң Джакарта шәһиридә өткән Яз…