Басты бет Заң және қоғам Асқар Мамин: Қазақстанның тау-кен металлургия саласы жоғары қарқынмен дамуда

Асқар Мамин: Қазақстанның тау-кен металлургия саласы жоғары қарқынмен дамуда

0
1,228

Биыл 25 мамыр күні ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астанада өткен VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресіне қатысып, сөз сөйледі.

А. Мамин, бұл форумның маңыздылығына тоқталып, оның тау-кен металлургиясы кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылайтын халықаралық алаң екендігін айтты. «Мемлекет басшысы тұрақты экономикалық өсу үшін тау-кен металлургия кешенінің дамуына ерекше назар аударады», — деді.

Қазақстан әлемде темір кенінің қоры бойынша 7 орында және болат өндіру көлемі бойынша 33 орында тұр. Жалпы өнеркәсіптік өндірістің құрылымында тау-кен металлургия кешені 18%-ды құрайды.

А. Мамин атап өткендей, соңғы жылдары әлемде тау-кен металлургия өнеркәсібінде оң тенденциялар байқалады. Ол базалық металдардың бағаларының көтерілуінен, нарықтың жанданып, жетекші өндіруші компаниялардың көпшілігі үшін шығындардың төмендеуінен көрініс табады.

«2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсуі 3,7% құрады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 107,1%, оның ішінде тау-кен өндіру – 107,8%, өңдеу – 106,8%», — деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин.

Осы орайды А.Мамин: «Бізге сала дамуының қарқынын сақтап, бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалану өте маңызды», — деді.

Оның айтуынша, тау-кен металлургия өнеркәсібінің басты технологиялық тренді, ол Төртінші өнеркәсіптік революция. Қазірдің өзінде 4.0 Индустриясының қымбат емес технологиялық шешімдерін қолданып, өндірістің өзіндік құнын төмендетіп, өндірілетін өнім көлемін бірнеше есе ұлғайтуға болады.

Қазақстанның темір кені шикізатын және болат өнімдерін шығаратын ең ірі өндіруші екендігін ескеріп, ЭЫДҰ-ның Болат жөніндегі комитетінің мүшесі болып енуі жөнінде жұмыстар жүргізілуде. ЭЫДҰ-ға мүше болу субсидиялау мәселелерін шешуге қатысуға, металлургия кәсіпорындарын мемлекеттік қолдауға және болат нарығында ДСҰ талаптарын ескере отырып, әділ бәсекелестікте болуға мүмкіндік береді.

Талқыланып отырған мәселенің маңыздылығын айтып, А.Мамин форум қатысушыларына өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік сұрақтарын шешуді әзірлеуде, ТКМ өнімнің жаңа түрлерін дамытып және инновациялық технологияларды енгізуде жемісті жұмыс тіледі.

XXV Дүниежүзілік тау-кен Конгресін 2018 жылы 18-22 маусым аралығында Астанада өткізу жоспарлануда.

Ақпарат  көзі:primeminister.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗОРЛУҚ-ЗОМБУЛУҚҚА ҚАРШИ ЖАЗА ҺӘҚҚИДӘ

Йеқинда ижтимаий торларда Қазақстан ажришиш бойичә дунияда биринчиләр қатарида туриватқанл…